Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  131


Автор: Индира Кереева

Өлең

Түрмей
сірі санамдағы түндікті,
Мына қақпас жалғаныңа көнем бе?!
Өзімізше «Өмір» дейміз
тірлікті,
Еееей, досым-ау,
нағыз өмір – өлеңде!
Сандырақ боп
елге айтқан өнегең,
Өлең сені сөндіреді
өртенсең.
Көрер едім, сірә,
асылып өлер ең,
Өлең сынды өмір сүріп
көрсең сен!
Өлең деген құдірет қой,
кемеңгер;
Өлеңде бар мінез, ерлік
Менен де өр;
Тірлік кешкің келсе...
Мейлі, өзің біл,
Өмір сүргің келе ме?!
Онда Өлеңге ер!
Өлеңсіз біз
өмір сүріп жүрдік пе?!
Қарыз қанша
тек өлеңмен өтелген?!
Өлең ғой, ә?
Мына жалған тірлікке,
«Ақын» дейтін әпендіні әкелген.
Үйрететін шын қуанып,
күлуді;
Кейде қосар жанымызға
мұнар мұң:
Бәрін тастап,
нағыз өмір сүруді,
Мен Өлеңнен үйренетін
шығармын!
Енді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу