Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.05.2022
121
Қызғанба
Жанымды үгітіп,
жаралап
Сенімге түсірме сызат түк!
Күдік пен
уайымды жағалап,
Тағы да бір күнді ұзаттық...
Арманым өзіңмен бір, егіз,
Өзіңсіз тарылар тынысым.
Болмашы нәрсеге күлеміз,
Сол сәтте-ақ
қаламыз ұрыссып...
Білемін,
өзімшіл жігітсің,
Менің де мінезім –
антұрған.
Сенімнің ақ жібін үзіпсің,
Айрылып
сабырлы қалпыңнан.
Мен сендік зәрумін
көмекке,
Мақтанам
серігім болғанға!
Айтшы енді,
қызғаныш керек пе,
Жүрегім
«сүйем» деп тұрғанда?!
Қызғандың....
Жара сап жаныма;
Болса да белгісіз себебі...
Мен сені
балаймын бағыма,
Өзгенің
жоқ түкке керегі.
Қызғаныш –
біз үшін долы сын
Сенімнің
қалқанын бұзғанға!
Мен сені сүйемін,
сол үшін
Өтінем,
сен мені қызғанба!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter