Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.05.2022
133
Қоштасу
Үнсіз ғана қоштастық:
Ұғып бәрін үндемей...
Жанымдағы бос жастық,
Жылатады түнде кей...
Бос қалған сұр күнделік.
Өң бе,
түс пе...
Елес пе?!
Тағы сайқал түн келіп,
Түсіреді сені еске.
(Жынданам бір күні мен!
Өлең жазам түнді алдай.)
Таңда есікке жүгірем,
Сен қалдырған гүл бардай.
...Үнсіз ғана қоштастық,
Ұғып бәрін үндемей.
Жанымдағы бос жастық,
Жұбатады түнде кей...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter