file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  216


Автор: Серік Сейітман

Бұлақпен сырласу

Ей, ақ бұлақ, бал суың таза неткен?
Бұл Жердегі ең көркем
ғаламат па ең?
Дәл өзіңдей жаным пәк болса ғой деп,
Ойда қалам жүзіңе қарап-ақ мен.
Ей, ақ бұлақ, не деген мейірімді ең?
Сенен кірді талдардың
күйі бірден.
Дәл өзіңдей сауапты жан болсам деп,
Кемтарларға салдым көз қиығын мен.
Шалыс басқан аяқты тұстарым көп,
Әйтсе де адам қалпынан
шыққаным жоқ.
Тауға барып, өзіңе көзім түссе,
Тұрады ылғи тек саған ұқсағым кеп.
Мақта бұлтты әуелі аймаламай,
Жеткізер жұрт бармағын
Айға қалай?
Мақтансаң да шықтым деп тауды тесіп,
Құлап жатсың сырғанап сайға қарай.
Сенен қуат алады аң да, құс та,
Сендей болсам маған да
бақ алыс па?
Бірақ, Жерден талпынған өрге қарай,
Талаптану жағынан маған ұқса!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу