file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  608


Автор: Динара Мәлік

Бұралаң жолдар бұралаң...

Бұралаң жолдар бұралаң,
Ес жиып талай құлағам.
Өмірді қойшы өң мен түс,
Күйімді кім бар сұраған?!
Белгісіз мұңға түнегем,
Сенгісіз ғұмыр сүрер ем...
Жиылмай жүрсе көз-жасым,
Бұйырмай жүр де бір өлең!
Үндемей жүріп сөйледім,
Күлімдеп тұрып күйредім.
Тағдыры бөлек о, тоба,
Жолыққан жалғыз сүйгенім...
Ашылса таңмен есігім,
Сыбырлап сүйдім есімін.
Түннен де тығам сол жанды,
Күннен де сұрап кешірім.
Ақ пенен қара арасын,
Аралап нені табасың?
Алладан түскен шыбын-жан,
Шырылдап қайда барасың?!
Тұтанбас қайта сөнген-шоқ,
Түңілгем ажал төнген жоқ.
Ойға да баттым тұңғиық,
ақылды болып көргем жоқ!
Қалжырап қалған қаладан,
Тұнжырап ауып бара ма ән...
Түнектен жырмен тіріліп,
Жүрек боп қайта жаралам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу