Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  178


Автор: Динара Мәлік

Телефоның өшірулі, кім үшін?

Телефоның өшірулі, кім үшін?
Ойларымның өрнегінен жаңылдым.
Жүрегімнің ішіндесің, тірісің,
сақтап жүрмін, сабырлым.
Ақ шәлі мұң сыйлап кетті елесің,
Күндерімнің жанарына үңілмей.
Неге мені зарықтыра бересің,
жалықтырып жібермей...
Көктем болып жетер деп ем өлеңім,
Қиял шіркін, қыр астында күліп тұр.
Жүрегімді көтере алмай келемін,
...мықты болсаң ұмыттыр!
Қайтем енді жазылған сол маңдайға,
Сүйегіме сіңіп кеткен сырым ең...
Қабағыңа бір тамшы мұң қонбай ма,
...сүймейсің бе, шынымен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу