Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
132
Сүюге iңкәр кезiм бе?
Сүюге iңкәр кезiм бе?
Жүрегiм тұрды көзiңде.
Даусыңа қалдым байланып,
Айналып кетiп сезiмге.
Сағыныш па екен сыңарым?
Жете алмай тұрдым бір-адым.
Алыстап кеттім абайсыз,
Қай жерде жүрсің, құмарым?
Қай жерде жүрсің, алтыным,
Таусылар күннiң арты-мұң.
Сен жақтан көктем еседi,
Сездiрмей күздiң салқынын.
Гүлдетіп жүрмін күз-жанын,
Желдің де сүйiп ызғарын.
Мезгiлге төктiм мейiрiм,
Бiлген соң онда біз барын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter