Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
273
Ерлігім болсын ер үшін....
Ерлігім болсын ер үшін,
Күтуге берші келісім.
Өкпешіл мынау өмірдің,
Жаба алмай жүрмін есігін.
Шашырап тұрса шұғылаң,
Тасаңда тұрып жылынам.
Арманнан қысқа ғұмырда,
Адасып қалдым...неғылам?
Ақ таңдар берген әр үміт,
Жанарда сөнді зарығып.
Сен болып өлең жазайын,
Мен болып көрші сағынып.
Алсам да жиі есіме,
Оралмай қойдың түсіме...
Бейнеңді алғам көшіріп,
Қап-қара көздің ішіне.
Жабығып сенде жүрсің бе,
Сабырға сезім көнсін бе?
Қиялға құрбан болайын,
“Күтемін” десем күрсінбе!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter