Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
147
...Сусып түсіп жангүлім...
...Сусып түсіп жангүлім,
Ақ бұлттарда қалғыдым.
Кірпігімде жұлдыздар,
Желге қонып бар мұңым...
Қиялдарым жігерсіз,
Бәлкім, айтсам... күлерсіз?
Ойларымның есі жоқ,
...Тағы бір күн түнерсіз?
Мезгілдің қай, кеші ме?
Нелер түсті есіңе?
Жалынышым жауапсыз...
...Асығасыз несіне?
Тәнім ұйықтап барады,
Жаным- қалды жаралы.
Тереземде Ай жатыр,
Төсегімнен тоңады.
...Қазір кетсең, келмеңіз!
Сағынар деп сенбеңіз.
Түніңізді түнерген,
...Тағы... менсіз, емдеңіз!
Мынау... белбеу, сағатың,
Қамықтырды ау, Қара түн.
Бақыттысың менен Сен,
Бағытың бар баратын.
Уақыт неткен келте-еді,
Үнсіздік күй шертеді...
Тәніме емес, Жаныма
...Аялдасаң қайтеді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter