file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  147


Автор: Динара Мәлік

«Сүйем» деп, «күтем» деп жүргенде...

«Сүйем» деп, «күтем» деп жүргенде,
Сағынбай қалсаң ше бір күнде?
Шын айтып, сыр айтып тұрмасаң,
Солатын кезі бар гүлдің де.
Ал, кейін суынып кетсең ше,
Алыстан асығып жеткенше.
Қызғаншақ көзімді жылатып,
Дәл мендей өзгені өпсең ше?..
Қайтер ем өзгерсе ниетің,
Жолың бар бағытын білетін.
Көңіл деп, өзім деп ақталып,
«Жарым»бар, десең ше, сүйетін?
«Сүймеген екем» деп шегінсең,
Тұрақсыз талғамға берілсең.
Жарымжан жүректі сүйретіп,
Кім ұғар еске алып егілсем.
Болса ғой сүймеуім еркімде,
Сезімім көктемнің көркінде.
Сен жайлы бейкүнә арман бар,
Дәл солай болуы мүмкін бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу