Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
296

Темекі секілді төзімнің...
Темекі секілді төзімнің,
Түбінде тұншығып көз ілдім...
Көгілді қиялдар төбемде,
Түтінге айналып кетер ме?
Мен саған өкпелеп қалғанмын,
Сен болсаң ұмытып алдандың...
Бір рет те наздансам болмай ма?
Күнім деп күле сал ондайда...
Өзіңді аңсатқан елес түн,
Әйтпесе ренжіген емеспін...
Осылай бітер ме жалғасы,
Тек үнсіз...үндемей қалмашы...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇