Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
402
Қайырлы түн, қымбаттым!...
Қайырлы түн, қымбаттым!...
Түсіңде көр, арманыңның бейнесін.
Жүрегім кеп сүйем десін, сөйлесін.
Есімімді айтып қойма, абайсыз,
Ұйқысыздар ұғып қойып жүрмесін.
Сағынышты жаратпаған күз етіп,
Ойларынды оқиыншы түзетіп.
Селт етпесін, селк етпесін кірпігің,
Иығыңда отырайын күзетіп.
«Жаным» дейін құлағыңа сыбырлап,
Ұйықтап жатқан келбетіңнен сыр ұрлап.
Сенің тәнің, бір көрпеге алданыш,
Менің жаным, тыныштыққа тығылмақ.
Шертілмеген күйге толып көмейім,
Түн лебі боп шаштарыңнан өбейін.
Ұйықтап қалшы, сан сұрақтан арылып,
Кірпігіңе жұлдыз тағып берейін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter