Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  134


Автор: Динара Мәлік

Біздің сезім өлшенбеген бір түнге...

Біздің сезім өлшенбеген бір түнге,
Келуің де, келмеуің де, еркіңде.
Өзім жайлы ойлауды да ұмыттым,
Ғашық болып жүрмін осы мен кімге?
Ізгілік кеп жығылды ма жолыма,
Бұл уақыттың соры ма әлде, бағы ма?
Күткен кеште келмейтінің ақиқат,
«Кешір» дейсің, күле салам тағы да.
Сүйем дейсің, сүйгендігің осы ма?
Сүйген адам жетеді ғой асыға.
Сені іздеп бір қыз отыр, бұл өмір,
Мұнша бақты қалай қиды басыңа?
Қайтем енді солай болса сынағың,
Жұмысың мен үйің болды тұрағың.
Күтіп тұрып, кінәләймін, кешірмей,
Көріп, тұрып көздеріңнен ұғамын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу