file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  188


Автор: Динара Мәлік

Ұмыта алмай келемін... ұмыта алмай....

Ұмыта алмай келемін... ұмыта алмай,
Жанымдағы жарды да жылыта алмай...
Қай жерге жарасты екен Жарық әнім,
Сағындым ғой, әлi де сағынамын.
Көркімді кеміріп жүр көздер менің,
Сүйемін ғой, әлi де өзгермедім!
Күбір-сыбыр мен жайлы айтылады,
Білем сосын, оңымнан Ай туады.
Жүрек қана қалады алып-ұшқан,
Жолдар сайрап жатады жаңылысқан.
Біз жүреміз сезімге бекем болып,
Өмір сынап тұрады бөтен болып.
Адалдықты аңсармыз егіліп-ап,
Қара жерде күнәға семіріп-ап.
Махаббатты күлерміз мазақ етіп,
Махаббатсыз өмірді ғажап етіп!
Біз солайша сүймеуге асығамыз,
Жан қалауын уақытқа жасырамыз.
Тіршілікте тұтынар зат екенбіз,
Сағынуға, құшуға жат екенбіз.
Тағдыр сенің ызғарлы өтіңдемін,
“Неге сүйдім” деп қана өкінбедім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу