Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  127


Автор: Динара Мәлік

Дала сенің қайталайды атыңды...

Дала сенің қайталайды атыңды,
Көңілімді көкжиекке батырды.
Ақымақтау қиялыма күлемін,
жиып алып ақылды.
Бір ауада тыныстаймыз екеуміз,
бір қаланы мекен еткен екенбіз.
Бәрі бір де бақыттымыз басқамен,
жолықтық-ау, бекер біз.
Жалғыз аяқ жолда қалып іздерім,
Желмен бірге жұтылады сөздерім.
Қабағымда ұйықтап жатқан қаладан,
сені ғана ізедім.
Көгімізде тұрушы еді Күн күліп,
Өмірімді жіберуші ең гүл қылып.
Ауыр ойлар езгілейді еңсемді,
жоқтығыңды білдіріп.
Аспан ғана азабымды көріп тұр,
Жүрегіме жіберсе ғой төгіп нұр.
Қаладан да ауадан да алыстап,
Кетіп қалғым келіп тұр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу