file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  208


Автор: Динара Мәлік

Маған таныс, сенен алыс түн келді...

Маған таныс, сенен алыс түн келді,
Тар-тағдырым бір бөлмеде түрленді.
Күтпесем де, түн келіп тұр тағы да,
Бақытына бөлер екен кімдерді?
Жаз айының жалқау еді, бұл кеші,
...Анау үйдің жабылмапты пердесі.
Жұлдыздар да жиылыпты сол маңға,
Айға ғана адал ме екен бөлмесі?
Маған қарай қадағандай көздерін,
Бөтен бөлме, сенен нені іздедім?..
Мен де бүгін жаба алмадым пердемді,
Мен де бүгін... үмітімді үзбедім.
Мен де бүгін, адалдықты аңсадым,
Сіз деп қалдым, тереземе қонса Күн.
Бір бөлмеде шайқасады шындығым,
Бір бөлмеге жерленді екен қанша мұң?
...Жанарымда жапырағы солған күз,
Қарыңғылык қыла алмайды қорғансыз.
Жалғыздықтан сақтап қалған Жаратқан,
Жалғыз емен, жүрегімде Сіз барсыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу