Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  168


Автор: Динара Мәлік

Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның?

Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның?
Көктен биiк ұмыттық-ау Хақ барын!
Мақтан деген тiршiлiктiң талқаны,
Қара нанды еңбегіңмен тапқанын.
Не тәйiрi, бақ болып па байлығың,
Қанша сағат, қанша қалды ай-күнің?
Құдай дейміз жалынамыз имансыз,
Жолымызға жайғасқанда қайғы-мұң.
Пенделерге алдамшы-ғып арманды,
Арманменен ардың жолы таңдалды!
Қара жердің мезгiл шешер көйлегiн,
мәңгiлікке жүрегінде кім қалды?..
Күңгiрт кешке көз жасыңды төкпешi,
Күлiмде де Күнге қарай беттешi!
Тарам-тарам тағдырлар бар жазулы,
Барінің де болар бірақ, нүктесі!
Біз жүрейік нүктелерді сөйлетіп,
Жанардағы мұңның өзін билетіп,
Адалдықты кірлетпейік күбірмен,
Адамдықты жібермейік күйретіп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу