file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  142


Автор: Динара Мәлік

Аспан мынау пенделердің дәптері...

Аспан мынау пенделердің дәптері,
Әлдебіреу парақтайды Көктегі!
Көздің жасын, құйып-құйып селдетті,
Жүректерді нұр иiсiмен гүлдеттi!
Табиғатта сөйлемейтін сұлулық,
Тіршілікті жібереді сұлу-ғып!
Аппақ бұлттан құлап жатыр ақ хаттар,
Жазуы жоқ сыбырларды жаттап қал!
Бір Аллаға жарасады бұл-кеңдiк,
Күн көзінен төгіледі көркемдік!
Жапырақтар мың адамның жүрегi,
Сырғаларын сылдырлатып күледi.
Біледі олар қурайтынын түбiнде,
Өмір жайлы, Өлең жатыр үнінде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу