file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  178


Автор: Динара Мәлік

Сағынуға неге сонша құштармын...

Сағынуға неге сонша құштармын,
Құшағымнан саған қарай ұшқан-мұң.
Күрсінемін күліп тұрып неліктен,
Жалғаныңа жылау үшін келіп пе ем?
Мұңаямын сәл нәрсеге күрмеліп,
Әр таң сайын, сен тұрсаң ғой гүл беріп!
Жанарымда жәутеңдеген сұрақтар,
Жолдарымда жасырынған сынақ бар!
Әйел едім, әлемім бар әдемі,
Көзі барлар кызғанбай-ақ көреді!
Көйлегімнің ес ұрламай етегі,
Аңғал болып, еркелегім келеді.
Еркелете қояр ме екен, ай, кайдам,
Тағдыр тағы салып өтер маңдайдан!
Жер айтады жанбай жатып сөнбе деп,
Бара жатыр дала – ғұмыр дөңгелеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу