Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  141


Автор: Динара Мәлік

Өзімменен жылап алып қосыла...

Өзімменен жылап алып қосыла,
Кірпігімде ұйықтап қалды асыла...
Кеуде тұсым бара жатты алқынып,
Жүрек дейтін осы ма?
Өлең болып, төгілмесе тұншығар,
Өзің келіп, мұң ішінен аршып ал!
Өн бойымда саған деген іңкәрлік
Сезім деген шын шығар...
Құстай ұшып жетесің де асыға,
Бақ әкеліп қондырасың басыма...
Ақталмай-ақ, адалдығың аңқиды,
Сенім дейтін осы ма?
Шыбын жаным шерге қалай көнді екен?
Маған енді бола алмайды Жер мекен.
Ұшам десем, құшып тұрсың жібермей,
Өмір дейтін сен бе екен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу