Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
167
Қартайыпсың дейді көрген әр таныс...
Қартайыпсың дейді көрген әр таныс,
Таңқаламын – жұрт не деген байқағыш.
Жан сарайым жайнап тұрған секілді,
Сыртқы кейпім көрінгенмен кәртәміш.
Ескенімен жанды жастық самалы,
Жасаңғырап тұрғанымыз шамалы...
Қартайыпсың десе намыс көреміз,
Ол да оңай берілмеудің амалы.
Асыл екен деп жатамыз сүйегі,
Жұрт әйтеуір қолпаштауды сүйеді.
Баршылықтың-таршылықтың не екенін,
Денсаулығы жоқтар ғана біледі...
Баяғы жас қалпында әлі жүргім,
Ескерусіз ескірсе де түр-өңім.
Ой-қиялмен Жер мен Көкті аралап,
Жас жігіттей жайраң қағып жүремін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter