Жарық Әлем ашқанында есігін,
Маңдайыма шегелепті шешімін.
Желі, дауы, жаңбыр, қары — өмірдің,
Тағдырыңның құрайды екен несібін.
Өмір..
Өмір.. — өз-өзіңе сене алу!
Жеру,
Жеңу..
Ақ үміттен ем алу.
Күні, бағы, қуанышы, мерейі,
Тұман, түнек, күрестерден — дем алу.
Көрсеткенде тағдыр тұрқын кесірлеу,
Адамға тән — иігіп, от өшірмеу.
Жаныштаса — сордан іздеп бақ-тірек,
Қуанышта — есің шығып, есірмеу.
Жанар Ешназар
31/03/2022ж