Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
123

Ақ сезім жыры
Сағыныштың белуар кешіп елін,
Кеп қадалды аспанның төсіне Күн.
Жүрегімде тулаған ақ сезімнің
Аппақ жырын қағазға көшіремін.
Аралыққа амалсыз мойынсұнып,
Қалды күткен көктемге бойым суып.
Ал кездесу сағаты кейін қашып
Қойды бізді қос жақтық ойыншы ғып.
Күйзеліске көңілді арнаттырып,
Сағынышпен келеміз жан бақтырып.
Арамызды үзіле жаздайтұғын
Жалғап, тігіп...
Күте-күте көздерге мұң сіңгені,
Уақыт құрғыр, жылжымас білсін нені?!
Тек тілеймін, тезірек соқса екен
Жүректердің жақыннан дүрсілдері.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter