Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
130

Толғаныс
Бір күн ұзап барады, бір күн еніп,
Бір кеш келер, бір түннің ұртын еміп.
Тағдыр солай отырар әрбір жанның
Шар басында тулаған бұлтын өріп.
Бұл күндерді осылай жайт ұрлаған,
Ұзатамыз, сырымен айтылмаған.
Сығырайған сенімді серік етіп
Көз саламыз ертеңге айқын-қараң.
Тағы туар, шүкірлік, құлқын сәрі,
Сосын тағы күтеді түн құрсағы.
Біреулердің еседі ақ самалы
Біреулердің өшеді мүмкін, шамы.
Өзгені өмір сын-итке талатар құр,
Ал басқаға бұйырар алақан бір.
Әйтеу көпке кезігер шұбар жолдар
Соңында анық тергейді ала тағдыр!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter