Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
127
Қызғанышқа хат
Ашуын бар әлемнің күреп, тегі,
Кіргіздік көңілге ұрыс сұр түлкісін.
Жаным-ау, ертең-ақ кеп жүректегі
Жаза алмай отырмалық мұң қыртысын...
Ызасын жер жаһанның жиып әсте,
Жетісіп қалдық құрғыр «қылыштасып».
Сезімнің еленбеген күйі пәсте
Жатыр ма, ой түбінде мұң ұстасып?
Қызғаныш от тастағыш, ойран салғыр
Неліктен қойды сонша еркіңді алып?
Ұрыстың мерекесі «тойланса» бұл
Ұмыттым саған берген сертімді анық.
Жеткізбес ешкімді де соңына дау,
Сәттерді ұмытайық күндегі ілген.
Түскенде сенімсіздік торына анау
Жүректі аяйықшы, шын берілген
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter