Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
141
Ой-қырды қасат қарлап қан таратқан...
Ой-қырды қасат қарлап қан таратқан,
Қасымнан шықпай қойды қаңтар-ақпан.
Қабағын түйіп алды табиғатым,
Жанымды ұқпай қойды əм Жаратқан.
Күткенім қанатты құс – көктем еді,
Жабықтым жолын қарап жоқ немені.
Қыстың көзі қырауда құса болған
Жақсы ғой мені де жұрт сөкпегені .
Шықардың шыны аязы шытынайды.
Таппадым тас төбемде бүтін айды.
Шалқасынан жатыр да боп-боз орақ,
Маңында жұлдыз құрттар бықынайды ...
Күреңіткен көңіліме секем енді,
Қаңтар-ақпан, бөгелме бекер енді.
Шаруам да шалқайып тұр ғой менің,
Құлатайын деп пе едің көтеремді ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter