Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
124
Жал, жал жесін, жал жесін.
Жал, жал жесін, жал жесін.
Жалды жесе, шал жесін.
«Ауыздан ақ май ағызған
Бұл неғылған мал», десін ...
Байлағанбыз сұлыға,
Бермегенбіз ұрыға.
Қанбазардан алғанбыз
Қарамастан пұлына.
Шалға қуат берсін деп,
Жанға шуақ кірсін деп.
Қазысынан кертіңіз,
Қайтсын, қазақ, дертіңіз.
Көрші үйінде қонақты
Соғымбасына ертіңіз ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter