Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
157
Күн демедiм...
Күн демедiм,
Күлкiм ұрланды.
Түн демедiм,
Ұйқым ұрланды.
Желе жорттым, желдей естiм,
Аққан сумен селдей естiм.
Ойымды онға бөлмей ешкiм,
Жан рахатын көрмей өстiм.
Көрмей жəне келемiн.
Асып дүние белеңiн.
Орталай бере отызды
Жасып күйiне беремiн.
Тiрлiгiмнiң мəнi не?
Тек иемiн тəнiме.
Бұл өмiрге келгем-ау
Қарамастан əлiме…
Татыды дəм-тұз таңдайға.
Жазылды жазу маңдайға.
Бiр шөлiм бар-ды, қанбай ма,
Бiр құсым бар-ды, самғай ма?
…Күн-түн демедiм.
Күлкiм демедiм.
Ұйқым демедiм.
Қамыңды сенiң жеп едiм,
Қайғымды, қарақ, демедiң.
Керек пе менiң көмегiм,
Керек пе менiң көмегiм…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter