Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
144
Қою түнге көмiлiп Сұңқар сайы...
Қою түнге көмiлiп Сұңқар сайы,
Бұлт жағалап боз түннiң бұлтарса айы,
Жалбыз иiсi идiрiп жан əлемiн,
Күбiрлеген көзелдiң күл-пəрша ойы.
Су сөйлейдi тiлiмен сиқырлап ап.
Түн сөйлейдi көзiнен ұйқы ұрлап ап.
Мұң сөйлейдi кеудесiн сыздатып кеп,
Күбiрлеген көзелден күй тыңдамақ…
Оралғанша ай əлемдi бақылап кеп,
Жаны қалар жағада жапырақ боп.
Өзi кетер күбiрлеп, өрт iшкесiн:
«Ақымақ көп əлемде, ақымақ көп»…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter