Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
120
Лағылгүл
Көтерейiн көк аспанға,
көңiлiмдi мөп-мөлдiр.
«Жаным» деп мен жақ ашқанда,
өмiрiмдей көктем дүр.
Ғашық жүрек бағы асқанда,
жолына аппақ бөккен нұр,
Жаным маған жасқанғанда,
Ауызынан төккен гүл.
Ет жүрегiм елжiредi,
жар құшатын шағым бұл.
Мойыл көзiң мөлдiредi,
бағындырсаң, бағындыр.
Асық жайын ел бiледi,
сағындырсаң, сағындыр.
Кекiл шашың желбiредi,
сипайыншы Лағылгүл…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter