Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
128
Өліара
Өлiара кезде аспаннан
Жұлдыздар жауып жатады.
Түн гүлi қауыз ашқаннан
Жүрек бiр мұңға батады.
Əлдилеп сазы əлемнiң
Сыздатып жанды, сиқырлар.
Күрсiнiсi көп бəлемнiң
Көзiнен өбiп, ұйқы ұрлар.
Тылсым үн тартып тереңге,
Шымырлап кеуде жайланар.
Өксiгiн берiп өлеңге,
Көкiрек көлге айналар.
…Өлiара кезде өледi
Жұлдыздың небiр жарығы.
Қолыма түспей келедi,
Басылмай жанның сарығы…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter