Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
129
Күллi əлемнiң көзiне бiр қарадым...
Күллi əлемнiң көзiне бiр қарадым,
Өзiме бiр қарадым.
Ұқсағаным – ұлан-ғайыр даламын,
Ұқсамасым – ұлан мiнездi баламын.
Күллi əлемнiң көзiне бiр қарадым,
өзiме бiр қарадым.
Ұқсағаным – қайшы алысқан қаламын,
Ұқсамасым – үнсiз жүрген дарамын.
Күллi əлемнiң көзiне бiр қарадым,
Өзiме бiр қарадым.
Ұқсағаным – халық деген данамын,
Ұқсамасым – ұғымы жоқ шаламын.
Күллi əлемнiң көзiне бiр қарадым,
Өзiме бiр қарадым.
Ұқсағаным – толысқаны сананың,
Ұқсамасым – қасымдағы қарағым…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter