file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  226


Автор: Серік Әбіл

БАЛАЛЫҒЫМ

Балалығым, елесім, сағынышым,
Даралығым екен- ау жалыны шын.
Өмірде өлең қуып кеткендеймін,
Көңілінде қалған сол бір сарын үшін.
Шапқылап ағаш атпен өзектерден,
Гүл терген, шөмшек терген, тезек терген. О, менің бассыз, бапсыз балалығым,
Бақытын бал дəуреннің тез өткерген.
Абалатып ауылдың Саққұлағын,
Тайынша мініп, тай мініп шапқыладым.
Жер ошақ пен желінің ортасынан,
Тамыр тартқан бал ғұмыр бақ шынарым.
Мысықты да күшікті асыратып,
Талай таңды өткергем асық атып.
Кеңесімен жыр қылып кемпірлерге,
Отыратын апамның басы қатып.
Көтеріліп қолпаштың тосы күнде,
Жатқан шақта таңданам тосын үнге.
Білім қуар кезімде ойын қуып,
Кетіппін- ау ойласам осы күнде




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу