Өлеңдер ✍️
АҚСҰҢҚАР - АНА
(Моңғолия қазақтарының атажұртқа беталыс
көшін бастаған Сағат Зақанқызына арнау)
Шұбырған ел шулаған бала
-шаға,
Бақыт қайда бəріне бара
-сала.
Егемен ел бағытын енді түзеп,
Жатқан шақта басқамен санаса ма.
Əлди əнін əжесі салған жерден,
Балалығы адасып қалған жерден.
Кету деген ешкімге оңай келмес,
Кірін жуып кіндік қан тамған жерден.
Қадағандай тұс
-тұстан сұғын қайғы,
Жаралы жұрт жанарын сығымдайды, «Елге жетсең ұмытасың ертең- ақ», –деп,
Кеңес беріп бəріне шырылдайды.
Баян
-өлгей баянды болмайтынын,
Əркімдерге айтады алмай тыным.
Құс біткеннің əуелі өз аспаны,
Болғанда ғана еркін самғайтын.
Түлік шулап, ит ұлып, ел бүлініп,
Бір басына түскенде ендігі үміт.
Ұлы көшті ұлы ана кетті бастап,
Қайдасың деп, атажұрт, белді буып.
Ертеңі үшін елінің еңіреген,
Көк жаулығы көк тудай желбіреген.
Асыл ана арттағы туған өлке,
Сағынышын, дариға
-ай, жеңді немен.
Қандай ұлы даналық күшті ерлік бұл,
Қандай ғажап батырлық іскерлік бұл?!
Ердің жасын барады əйел сүртіп,
Деп ойлады кейбіреу түс көрдік бір.
Қотарылды ел солай Қобдадан да,
Абақ ана аруағы қолдағанда,
Дана ұран шақырды даласына,
Ана қыран қанатын қомдағанда.
Бүгін міне арайлап таң атқандай,
Білу қиын биікті қанат талмай.
Бақытына өзінің жаратқандай,
Білді ағайын ақсұңқар - Сағат қандай?!
Түсінді ел бəрін де кешегінің,
Ана жұртта жайнатты неше гүлін. «Əйел бастар көш оңбас» деп айтылар,
Арты ашылды ауылдың өсегінің.
Арулары таң болып атқаны үшін,
Ата жұртта ел шалқып жатқаны шын.
Көшің болсын баянды, елің аман, О, менің Алатаудай мақтанышым!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter