Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
131
Жүрген шығар жүрегiн мұң сыздатып...
Жүрген шығар жүрегiн мұң сыздатып
Бiлген шығар: бiр менсiз құнсыз – бақыт.
Қарағымның қарасын көргiм келдi-ау,
Хабар салмай, хат алмай, үнсiз жатып.
Өттi уақыт. Өтiмдi сөзi де оның.
Кеттi бақыт. Өткiр-тiн көзi де оның.
Көре алмаған кiнəлi өзiм екен –
Ғайыптан тайып бiр күн кезiгемiн…
Ғайыптан тайып тағдыр жолықтырсын.
Бұл күнде жоғалтқаным болып тұрсың.
Басынан бақ ұшқанмен бейбағыңның
Бойына бұла шабыт, желiк кiрсiн…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter