Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
131
Әзәзіл
Тiрiмде – жиғаныма қас болды.
Өлiмде – иманыма қас болды.
Болашағым бос қалды.
Бала-шағам аш қалды.
Қос бүйрегiм тас болды.
Ақ жүрегiм нас болды.
Балғын тəнiм мас болды.
Шыққыр көзге жас толды.
Алғыр миым су болды.
Бал таңдайға у толды.
Бойымдағы рух өлдi.
Тiлiмдегi уыт өлдi.
Қалғаны тек құр сүлдер.
Ендi қайда жүрсiңдер?
Тiрiмде – жиғаныма қас болды,
Өлiмде – иманыма қас болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter