Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
108
Үлбi, сенiң жағаңда
Үлбi, сенiң жағаңда
Үлбiредi Үрбала.
Тауып айтып табанда
Күлдiредi бiр бала.
Күле-күле қыз бала
Жылап қалар сыңайлы.
Жұбататын бiз ғана –
Ұмытпаған құдайды.
Үлбi, саған үзiлiп
Үлбiредi үрбала.
Қызылына қызығып
Күлдiредi қу бала.
Қызға ынтық көңiлiн
Бiлдiредi бұл бала.
Ойлай ма алда өмiрiн
Қайтер екен Үрбала?…
Үлбi, сенiң жағаңда
Үлбiредi Үрбала.
Күлдiредi қу бала,
Бүлдiредi ұрлана…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter