Өлеңдер ✍️
Ұйқылы-ояу Үлбi ағады айдынына нұр құлатып.
Ұйқылы-ояу Үлбi ағады айдынына нұр құлатып.
Айдың жүзi мөлиедi өтiп бермей түнгi уақыт.
Аяқ асты ғажайып боп аспан жаққа аяңдасам,
Қолтығымнан демейсiң бе, қара мақпал үндi Бақыт?
Ғажайып та бола қоймас, орындалмас тiлегiм де.
Құлашы кең қиял-əлем өмiрде өзге, бiлемiн де.
Қара мақпал үндi Бақыт, қарашығың қада маған,
Зауза қоңыз жарқырасын саған созған бiлегiмде.
Аспан жақты қайтейiн мен… ауыл жаққа аяңдайын.
Айкезбедей ауыр ойдан үйге жетпей оянбайын.
Қара мақпал үндi Бақыт, құлағыңа құйып алшы,
Сүрген өмiр, кешкен ғұмыр – қысқа ғана баяндайын…
«Пенде болып, пешенеме жазылғанды көрем» деген,
Үзеңгiлес болды бабам шолақ ғұмыр – өлеңменен.
Менiң-дағы барып-барып тоқтар жерiм бар сияқты,
Дəмегөйде дəрмен де жоқ «қайта айналып келем» деген.
Өмiр – шолақ, көңiл – шолақ, өмiр қайда жеткiзедi?
Ай бетiне көп қараған өзен қайда бет түзедi?
Қара мақпал үндi Бақыт, көкте жалғыз Тəңiр ғана
Мəңгi сырғыр тiршiлiгiн көз алдынан өткiзедi…
Құйтақандай жүрек едiм тiршiлiгi тоқтамаған.
Таусылмаған тiлек едiм тоқтаусыз күн жоқтамаған.
Қара мақпал үндi Бақыт, жарым түнде сынды Уақыт
Ғарыш жақтан құймай нұрын қалғып кеттi Хақ-тағалам…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter