Өлеңдер ✍️
Ай бетi ары бұрылып...
Ай бетi ары бұрылып,
Күн бетi берi бұрылып,
Түнегi түннiң сырылып,
Түнемел асқан ауамен
Тыныстар сергек құрылық.
Құс ұйқылы құрылық
Танытып жаны сiрiлiк,
Шапағат шарпып тiрiлiп,
«Жер» деген алып жұлдыздан –
Iргесiн алған iрiлiк.
Құрылық, мүмкiн, қартайды,
Қазанда суы ортайды,
Құбажай жүзден əр тайды,
Күмiспен күптеген орақ ай
Шатынаған көкте шалқайды.
Алтынмен аптаған алыс Күн,
Төрiне құштар ғарыштың.
Кеудеме от сап əр ұшқын
«Жетi құрылықты орап өтсем», – деп,
Күн, сенiң жылдамдығыңмен жарыстым.
«Соның деп сорға бет алдым.
өңi жоқ қаудай от алдым,
Қорытып алған құрышымды
«Қаһар болсын» деп қотардым.
«Есi бар жанның сесi бар» деп,
«Жұмбағым түрiн шешiп ал» деп,
«Жалаңаш қолмен көсiп ал» деп,
Жауығып жатыр жетi жұртым:
«Қолыңнан келсе, кесiп ал», – деп.
Ақ төбет құсап айға ұлыдым,
Қара тырнағыма дейiн қайғы бүгiн,
Жердегi жетеу, қай қылығың,
Адамнан тарар аз ғана ұрпақ,
Ағайын деген айнығырым?…
Өксiгiм болса өзiм бастым,
өше де берiп көзiмдi аштым,
Қара бiр ойға қосылмаспын,
Жердегi жетеу, құрлығым үшiн
Қатарыңа қонып, қосындастым.
Оу, Адам, саған өкпелеп едiм,
Кеткiм де келдi көкке де менiң.
Құрылығым, қолтығымнан текке демедiң.
(өкпеге қиып, өлiмге қимас
Оралған өзi төкпе неменiң).
Айшылық жолы Ай жарықтықтың,
Күншiлiк жолы Күн жарықтықтың,
Ғұмырымды өлшеп мұңданып бiттiм.
Топырақ тозар менiмен бiрге,
Түнекей түннен бiр жарық күттiм…
Ай бетi ары бұрылғанда,
Күн бетi берi бұрылғанда,
Түнегi түннiң сырылғанда,
Құрылығым, қамсыз тiрлiгiңдi
Қару ұстағаннан бұрын қамда…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter