Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
110
Табанымнан сыз өттi...
Табанымнан сыз өттi –
Тартыстарда елемедiм тiптi оны.
Кейiн ауру күзеттi –
Ыңқыл-сыңқыл бiтпедi.
Арғымақты сан байладым кермеге –
Таң асырып, суыттым.
Ендi келiп iшетiндей дермене,
Дерттi қайдан жуыттым?
Ғазiрет Ғали ұлтарағын ұмыттым,
Өзiме де еш обал жоқ.
Арғымағым бара жатыр мiнiп кiм? –
Үмiт қылам бiр айналып соғар деп…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter