file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  243


Автор: Серік Әбіл

АҒАЖАН – АСҚАРЫМ

Бір жолы біз саяхаттап шыңға шықтық тамаша,
Шыңда тұрсаң таулар
-дағы сезіледі аласа.
Төрт түлікті дарқан дала дастарқанға ұқсайды,
Ақ бөрікті асқарларды аталарға баласақ.
Біреу жеміс беру үшін жейді өзіндік құрбанын,
Сондықтан да басқаларға бодау болу шын дарын.
Елітіп тым шаттансам да еске алдым, мен сол сəтте,
Шыңдарға да мынау таулар таған болып тұрғанын.
Əне сонда көз алдыма келе қалды жан ағам,
Ол мен үшін қиындықты саусақпенен санаған.
Бар орай мен мүмкіндікті баспалдақ қып жолыма,
Өзі көрген қырсықтарды қызығына балаған.
Бұл күндері сонау сайда егіндігін баптайды,
Əлі
-дағы бар асылын маған ғана сақтайды.
Сондықтан да тек сезімін серік еткен сері іні,
Тұрмыс деген тұсауыңды ойланып та жатпайды.
Саяхаттап жүрсем
-дағы бере алмадым саған қол,
Түсінерсің, шаршамайтын жан едің ғой, шамаң мол.
Өзің барда мен өзгеден сірə төмен тұрмаспын.
Ардақтым- ау, айналайын асқар тауым, аман бол.
Қанат бітсе қарға болмай əліңе сай қыран бол,
Деуші едің ғой, оған
-дағы қажет екен шыдам мол.
Биігіне жердің шығу оңайырақ əрине,
Ал, ендеше ел биігі деген нағыз бұраң жол.
Мұны
-дағы менен жақсы білесің ғой, жан аға,
Сені ойласам бір сағыныш орнай беред санаға,
Жауап беру қиын екен, қиын екен дариға- ай,
Халық деген қасиетті нағыз таудай данаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу