Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  126


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Мағжаннан қалған махаббат,

Мағжаннан қалған махаббат,
Мазамды менiң ал мəңгi,
Қаңтарда жүрген қаталап
Қарақтан хабар жолданды…
От па едi, мұздай су ма едi,
Ыстық-суығына оралды.
Бал ма едi, балдай у ма едi,
Жүрегiме келiп толады.
Айлаққа жетiп аһ ұрған
Толқын ба жетiм көңiлi?
Аулаққа менi шақырған
Сағым ба шетiн өмiрi?…
Мағжаннан қалған мұң ба бұл,
Маған да кезек жеткен бе?
Құлпырған шақта қырда гүл
Қолымды создым көктемге…
Мағжаннан қалған махаббат,
Мен iшкен өртте жоқ өлшем:
Шарпыған қалпы шапағат
Мəңгiлiк ғашық боп өтем…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу