Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
124
Таулар бiрге оянады менiмен...
Таулар бiрге оянады менiмен,
Баулар бiрге оянады менiмен,
Ойларымды оятады табиғат
Табиғатқа тумысымнан серiк ем…
Күн оянар түн ұйқыға кеткенде,
Түн оянар күн ұйқыға кеткенде.
Мен оянам жансарайым ашылып,
Жаһан үнi жүрегiме жеткенде…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter