Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  108


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Сыбап салып құдайдың тас құлағын...

Сыбап салып құдайдың тас құлағын,
Сағым сынып, ағыттым жас бұлағын.
Теперiшiн көрсеткен өз тентегiм,
Тентiреген мен кiмге қас қыламын?
Кең далада керiскен екi телi
Жылап айтқан сөзiмдi бекiтедi.
Ебептен себеп тауып ес шығарған
Бiреудiң аузыменен жекiтедi…
Жақсы едi ғой батқаны жаттың қолы,
Қайғым бұл шыдамайтын аттың белi.
Тас құлақты тəңiрге «жазсам« деп ем,
Табылмады түсiрер хаттың мөрi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу