Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
120
Бұ дүние оңай емес, оңай емес...
Бұ дүние оңай емес, оңай емес,
Құбылғаны пендеге қолай емес.
О ғып, бұ ғып сүретiн өмiр осы,
Бекетi де бел шешер жолай емес.
Бұ дүние қазекең «жалған» деген,
Топырағымен табысып қалған денең.
Жаныңды ап болашаққа барса-ай, шiркiн,
Жалғанның өзенiне салған кемең…
Бұ жалған мен үшiн де өткiншi екен,
Алумен тiрлiк еттiм көп күн секем.
Қылығы сүйiндiрген Сұлу дүние
Қызығын қыздай етiп өптiрсе екен…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter