Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  142


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Сүмбiле туа су суыр...

Сүмбiле туа су суыр,
Таразы туа таң суыр.
Шыбын жан тастай ұшқанда
Таң алдында тəн суыр.
Қараша туа қар түсер,
Қара аспаннан зар түсер.
Қамығып қайғы құшқанда
Жүректi жейдi жалқы шер.
Өлiара түсе мұң туар,
Өлiп те қалар күн туар.
Өзегiмдi алған өртiмдi
Өзiмнен басқа кiм қуар
Сүмбiле туа су суыр,
Заһарға, зайыры, кiм жуыр…
Түтiндеп ойың жүргенде
Түгi шығумен түн суыр.
Суығы шалып сұлаған,
Құдайға налып жылаған,
Үзiлмес жанын үмiт қып,
Күтумен жатыр бiр адам…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу