Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
203
Жылқыдағы боз айғыр
Жылқыдағы боз айғыр
Шұрқыраса болар ма?
Сойылды жау сыдыртып,
Үйiрдi алса, қалар ма?
Тұяғымен тас илеп,
Ойлы-қырлы шабар ма?
Жау қолына жеткiзбей,
Елдiң шетiн табар ма?
…Сан қияға сал менi,
Қазақ жылқы тұқымдас.
Дос шұрқырап табысар,
Жауым қашып құтылмас…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter