Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
177
Қысқы түн. Аяз. Толған ай.
Қысқы түн. Аяз. Толған Ай,
Жаутаңкөз жанның тоңғаны-ай…
Тоңазып жатты бар маңай,
Тоңбастан жүрген арман-ай…
Қысқы түн. Аяз шаңытқан,
Ақпанның атын арытқан.
Толған Ай төккен жарықтан
Батылдық бойға дарытқам.
Қол созым жерде Күнiм тұр.
Қысқы түн. Аяз шыңылтыр,
Санайды-ау жүрек гүлiн пiр…
Көкiрек тұстың мұңын түр.
Қысқы түн. Аяз. Маңған Ай,
Маңайдың ойға шомғаны-ай.
Мұңды бiр əуен қонғаны-ай,
…Жол қарай бердiм, жол қарай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter