Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  121


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Өкшемдi ғана жалаған...

Өкшемдi ғана жалаған
Жадағай су – жайылма.
Шықпай-ақ қойды ойымнан,
Шырмап та бердi уайымға…
Кеткен де жолым – күнбатыс…
Келген де жолым – күншығыс,
Тереңге ме едi ұмтылыс?
Тайызға түс те, мұңға түс.
Барысы – алты күншiлiк,
Жайырдан əрi жайылма…
Табанның майын құм сылып,
Шығам да қалам қайырға…
Көңiлiм менiң суынды,
Iшкенiм ендi ас болмас.
Уайым, жайма уыңды,
Жылай да жылай жас қалмас.
«Тобылғы жарған» тоңдырды,
Тобылғы ертең бүрлейдi.
Өгейлеу жұртқа өң кiрдi,
Көре алмаса да күнгейдi.
Жадағай күнiм жайылды,
Көтерiп өкше көрермiн.
Жайылма судай жайымды
Басына кiмнiң берермiн?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу