Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  101


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жер бетiнен құрыды...

Жер бетiнен құрыды,
Желкiлдеген тұлымы,
Жау болса да жоңғарым –
Қоңсы болып қонғаным,
Сығырайып жүргенiм,
Сырмiнез деп бiлгенiм,
Найза бiлеп шапқаным,
Белге балта таққаным,
Төрт түлiк боп өргенiм,
Жүрiп iлген жөргемiн,
Кең даланы сүйгенiм,
Күн көзiне күйгенiм,
Суығына тоңғаным,
От басына қонғаным,
Бөрi болып жортқаным,
Бөрiлi жұрттан қорыққаным,
Тұлданғасын тұлымы,
Жер бетiнен құрыды –
Туырлықты түптесiм
Кеттi күнi бiткесiн…
Ханзу алды тамақтан,
Орыс басты қабақтан.
Намыс толып жүрекке,
Күшi толып бiлекке,
«Атажау» деп атойлап,
Қой көзiнде от ойнап,
Батырлары қол бастап,
Қазақ кегiн қайырды –
Жоңғар жүзiн майырды,
Тiл мен жағын айырды,
Даңқы алысқа жайылды.
Көшiп-қонған ырғалып,
өштi солай бiр халық.
Даналық пен далалық
Жасады үлкен шалалық.
Өзге келдi өңiрге –
Тiзгiн тидi жемiрге…
Наразысың өмiрге –
Нар мiнездi кең iрге…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу